Павлодар көшелерінің бірін су басты

«Павлодар су арнасы» қаланың Қатаев көшесіндегі құдықтан су кетіп жатқаны жайында хабарлады.

Яғни, сол тұстағы құбыр тесілген. Шұғыл бригада дереу оқиға орнына аттанып, су сорғызуға кірісіп кетті. Апатты жою үшін сол маңдағы үйлерге су беру тоқтады. Мамандар Қатаев көшесіндегі көп қабатты үйдің жертөлесіне де су кетіп жатқанын анықтады. Ол жерде де жұмыс жүруде. Мәселенің мән-жайын келесі жаңалықтарды баяндаймыз.