Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды – Осакаровка тасжолының учаскесінде 4 көліктің қатысуымен апат болды.
Бұл туралы Қарағанды облысының ПД хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, «Мерседес» жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, арыққа түсіп кеткен. Одан кейін тағы үш көлік бірінен соң бірі соғылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.