414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 400-ден астам шетелдік Қазақстанның заңын бұзған

  • 182
  • UPD: 11:22, 09.02.2021

Семейде үй өртеніп бір адам өлім аузынан қалды. Оқиға кешкі тоғыздар шамасында болған. Құтқарушылар өрт туралы хабар түсе салысымен оқиға орнына жедел жетіп, көк түтіннің ішінен 47 жастағы ер адамды алып шықты. Алғашқы көмек көрсетіліп, жедел жәрдем бригадасына тапсырылған. Қазір мән-жайды анықтау үшін тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша отты біреулер қасақана тұтатқан болуы мүмкін.

Шымкентте контрабандалық алкогольдік ішімдіктер сақталған қойма табылды. Заңсыз жасырын орынды полицейлер жедел алдын алу шарасы кезінде анықтаған. Тексеру кезінде 150 қорап ішімдік тәркіленді. Олардың әрқайсысының құны 10-15 мың теңгені құрайды. Аталған дерекке қатысты барлық құжат тиісті мекемеге жолданып, тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.

Алматы облысында 400-ден астам шетелдік еліміздің көші қон заңын бұзған. Олардың дені оңтүстік аудандардағы құрылыс алаңдарында еңбек еткен. Полицейлердің қолына түскендердің 151 бірден мемлекет аумағынан шығарылды. Тағы 80 адам жеке бас куәлігінің жоқ болуына байланысты бейімдеу орталығына қамалды. Қазір құжатсыз жүрген мигранттардың аты-жөні тексеріліп, азаматтығы анықталып жатыр. Соның нәтижесінде нақты шаралар қабылданбақ. Арнайы рейд кезінде шетелдіктерді шақыртып, жұмыс тауып беруді кәсіп қылған отандастарымыздың да заңсыз әрекеті әшкерленді.

Елмұрат Нұрсейітов, облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Департаменттің жедел қызметкерлерімен бірлесе отырып, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша үш фактісі анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 394-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды. 

Шымкентте карантинге қарамастан той жасап думандату дерегі тоқтар емес. Мобильді топ мүшелері кезекті рейдтік шара кезінде 100 адамға арналған дастарханның үстінен түсті. Той иелері дүрілдетіп беташар өткізіп жатқан жерінен ұсталды. Енді тойды ұйымдастырғандар да, мейрамхананың қожайындары да карантин ережесін бұзғандары үшін жауапқа тартылды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Хабар 24 телеарнасы