ШҚО-да жолда қалғандар құтқарылды

Шығыста жолда қалғандар құтқарылды. Семейден Мақаншыға бет алған екі автобус діттеген жерге жете алмай, Аягөзге аялдаған.

Сөйтіп, түнгі үш жарымда жүргізушілері 112 нөміріне қоңырау шалып, көмек сұрайды. Құтқарушылар мен әкімдік өкілдері екі автобустағы 56 жолаушыны дереу Аягөздегі спорт мектебіне орналастырды.

Сондай-ақ Күршім-Зайсан тас жолында «Аманат» елді мекенінен 11 шақырым жерде Лексус маркалы көлік қар құрсауында қалды. Темір тұлпар ішінде 3 адам болған. Оқиға орнына құқтқарушылар жетіп, дер кезінде көмек көрсетті. Бұдан бөлек, арнайы бригада екі жолаушымен жолда қалған «Субару» маркалы тағы бір көлікті қардан алып шықты.