Өткен тәулікте қар құрсауынан 29 адам құтқарылды

Кеше  Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарынан қар құрсауынан 29 адам құтқарылды, 10 жеңіл көлік және жүк автомашинасы мен автобус шығарылды.

«Қазгидромет» деректері бойынша 12 облыста дауылды ескерту жарияланды. Қазіргі уақытта еліміздің 5 өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесі жабылды. Нұр-Сұлтан-Қарағанды бағыты бойынша 6 тас жол болса, оның 5-і жабық. Ал Қостанай бағытына жол ашық екенін айта кетейік.

Сондай-ақ...