419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда арықты тазалау барысында белгісіз адамның мәйіті табылды

  • 138
  • UPD: 13:41, 10.02.2021
Таразда арықты тазалау барысында белгісіз адамның мәйіті табылды Қазақпарат

Тараз қаласындағы арыққа тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар белгісіз адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараз қаласы Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан облыс орталығындағы Қарасу (5) және Жансая (11) мөлтек аудандарында орналасқан арықтың жағалауынан қайтыс болған адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен арық ішіне қарау жүргізіліп, мәйіттің қалдықтары анықталды. Сонымен қатар хабар берген қала тұрғынынан жауап алу барысында оның «Жасыл ел – Тараз» мекемесінде жұмыс атқаратыны анықталып, арыққа тазалау жұмыстарын жүргізу барысында қамыстың арасынан адамның мәйітін көріп, тез арада полиция қызметкерлерін шақырғанын айтқан», – делінген ведомтсво хабарламасында.

Бұл дерекке қатысты Тараз қаласының Полиция басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталып, табылған мәйіт сүйектерінің қалдықтарына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы