Алматыда бірнеше көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Алматыда бірнеше көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қалалық полиция қызметінің хабарлауынша, оқиға өткен түнде болды.

«23:45 шамасында «Mitsubishi» маркалы автокөлікті айдап келе жатқан А. есімді азамат Солтүстік Айналма көшесінде солтүстік бағытта және Московина көшесінен оңтүстікке қарай жүріп келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан оңтүстік бағытта М. есімді азамат айдап келе жатқан «Ravon» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соққының күшімен «Ravon» автокөлігі Солтүстік Айналма көшесінде оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан «Toyota Camry» және «Toyota Carina» автокөліктеріне барып соғысқан», - деп хабарлады Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының басшысы, полиция майоры Олжас Шәріпов.

Жол апатынан төрт адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ...