ШҚО-да қар көшкінінің астында қалған турист көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы маңындағы тауларда бір туристі қар көшкіні басып қайтыс болды.

Алты адам биік беткейде шаңғы теуіп жүргенде көшкін түскен. Дәл сол тұста біреуін қар басы қалған. Басқа бесеуі аман-есен. 

Қар астында қалған туристің мүрдесі арада бір тәулік өткенде, бүгін таң ата табылды. Іздеу-құтқару жұмысына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару отряды толық жұмылдырылды.

«Еврокоптер-145» тікұшағы арқылы әуден шолу жасалды. Ал жерден іздеу жұмыстарына кинолог мамандар да жұмылдырылды. Таулы аймақ болғандықтан, тек ауыр техникамен ғана жүруге тура келді. Іздеу-құтқару операциясына Риддер қаласынан төрт волонтер де қатысты. 

Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығынан іздеу ұзаққа созылғанын айтады. Дегенмен бүгін таңертең көшкін астында қалған 1979 жылы туған туристің мүрдесі табылды. Таудың ұшар басынан мүрдені алып түсу де оңай болмаған. Сондықтан 8 волонтер мен 2 құтқарушы және 1 криминалист-полиция барған. 

Қазір осы іс бойынша тергеу басталды. Қайтыс болған азаматтың жеке басына қатысты мағлұматтар да анықталуда.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Сондай-ақ...