Павлодар облысында екі «КамАЗ» соқтығысты

Павлодар облысында екі «КамАЗ» соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы Павлодар – Ақсу тасжолында болды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 30 жастағы «КамАЗ» жүргізушісі қарсы келе жатқан тағы бір «КамАЗ» көлігімен соқтығысқан.

«10 ақпанда Кенжекөл ауылының жанында 30 жастағы «КамАЗ» жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамай жүк көлігімен соқтығысқан», - дейді департаментте.

Жол апаты салдарынан «КамАЗ» көлігінің 36 жастағы жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.