Елордада кәсіпкердің 3 млн теңгесін ұрлағандар ұсталды

Осы іске қатысты 7 азамат қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға қаланың Мәңгілік ел көшесінде кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Банктен шығаберісте жәбірленуші 2 азаматқа қарақшылық шабуыл жасалып, қомақты қаражат ұрланған. Алайда көп ұзамай полицейлер 18 бен 23 аралығындағы 7 адамды қолға түсірген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Шабуылға қатысы болуы мүмкін жеке компания мен банк қызметкерлері де тексерілуде. Кәсіпкерге ұрланған қаражаттың тек 700 мың теңгесі қайтарылды. Қалған соманы ұрлықшылар жаратып үлгерген.