419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда браконьерлер ұсталды

  • 246
  • UPD: 09:15, 12.02.2021
Атырауда браконьерлер ұсталды

23 жастағы қос азаматтың көліктерінен 364 киік мүйізі тәркіленді. Тәртіп сақшылары оларды Геолог ықшам ауданындағы көп қабатты үйлердің маңында қуып жүріп, қолға түсірген.

Қылмыскерлер мінген қос бірдей автокөлік аша тұяқтылардың мүйізіне толы болып шықты. Сонымен қатар олардан құжаттары жоқ екі бірдей қару-жарақ та тәркіленген.

Гүлназира Мұхтарова, облыстық ПД Баспасөз хатшысы:

- Маркалары бірдей ВАЗ -21014 автокөліктерінің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы ТОЗ-16 аңшылық мылтығы, ал екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен 4,5 калибрлі БАЙКАЛ маркалы қару тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп тексеру ҚР ҚК 339-бабының 1-1 бөлімі бойынша жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы