Алматыда қоқыс үйінділері астында қалған ер адам мерт болды

Алматыдағы Алатау ауданында ер адам қоқыс үйінділерінің астында қалды.

Ер адамның мәйітін үйінділер арасынан 109 құтқару қызметінің қызметкерлері шығарды, деп хабарлады inAlmaty.kz.

Құтқарушыларға 11 ақпан күні сағат 14:50-де қоңырау түскен. «Кенжехан» базарының артындағы қоқыс полигонында қазу жұмыстары кезінде ер адам үйінділер астына түсіп кеткен.

«Оқиға орнына бірден 109 қызметінің 12 адамнан құралған құтқарушылар тобы және екі кинологиялық экипаж аттанды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізе бастады», - деді 109 қызметі.

Құтқару жұмыстары кезінде үйінділердің арасынан шығарылған ер адамның көз жұмғаны анықталды.