Алматы тауларында жоғалып кеткен туристің денесі табылды

Бүгін Алматыда тауға шығып, жоғалып кеткен туристің денесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Құтқарушылар күннің қолайсыздығына қарамастан, 40 жастағы ер азаматты тәулік бойы жаяу іздеген. Оларға дронның көмегі тиді. Аппарат теңіз деңгейінен 5300 метрден астам биіктікке 5 рет көтерілген. Сөйтіп, туристің жатқан жерін көрсетті. Құтқарушылар шатқалға альпинистік жабдықтар мен арқанның көмегімен жеткен. Тауда көшкін қаупі бар. Соған қарамастан, марқұмды етекке түсіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы операцияға 70 құтқарушы, 12 техника жұмылдырылды.

Талғат Уәли, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі:

- ҚР ТЖМ дерегі бойынша Алматы қаласы маңындағы тауларда жоғалып кеткен адамды іздестіру операциясы аяқталды. Сағат 14.30 «Шымбулачка» шатқалының маңайында 1981 жылғы туған ер адамның жансыз денесі табылды. Бұл азамат кеше 15:17 минутта 112 номеріне хабарласып, тауға көтерілгенін және ауа райының бұзылуына байланысты кері қайтатын жолын таба алмай тұрғандығы туралы хабарлама қалдырды. Үш минуттан кейін іздестіруге кірісті.

Алматы тауларында жоғалған ер адам іздестірілуде