Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы ұшақ жолаушылары эвакуацияланды

Бүгін таңертең Нұр-Сұлтаннан Алматыға қатынайтын Qazaq Air әуекомпаниясы ұшағының шассиінен ақау шықты.

Әуе кемесіндегі жолаушылар аман-есен, барлығы эвакуацияланды. Кеше түнде де дәл осы әуе компанияның Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытына шыққан ұшақтың алдыңғы дөңгелегі жарылып, әуе кемесі жолдан қалды. Қос оқиға бойынша индустрия және инновациялық даму министрлігінің Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тарапынан тергеу басталды. Айта кетейік, канадалық ұшақтар 2019 жылы сатып алынған.

Сәкен Нығмашев, QAZAQ AIR баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Нұр-Сұлтан- Шымкент рейсі әуеге көтерілудің бастапқы кезінде экипаж соққыны сезіп ұшуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Ұшақты тексеру барысында мұрын шоссиіндегі дөңгелектер жыртылғаны анықталды. Нұр-Сұлтан-Алматы әуе рейсі 13 ақпан Алматы әуежайына қонғаннан кейін, экипаж соққыны сезінді әуе кемесі ұшу-қону жолағында тоқтады. Тексеру барысында оң жақ тірек шассиіндегі дөңгелектердің зақымданғаны анықталды. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.