Семейде жүк көлік жасөспірімді қағып, мерт қылды

Семей қаласында жүк көлігі жасөспірімді қағып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 13 ақпанда сағат 16:40 шамасында болған. Жүк тиелген КамАЗ-ды тіркемесімен сүйреп бара жатқан Shacman жүк көлігінің жүргізушісі Глунки көшесінен айналма жолға шыға бергенде «Көктем» сауда үйінің жанындағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. 16 жастағы Семей қаласының тұрғыны сол жерде көз жұмған.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Сондай-ақ...