Алматы облысында перзентхана қызметкерлері отырған автобус аударылды

Алматы облысында перзентхана қызметкерлері отырған шағын автобус аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талғар - Есік - Бәйдібек би тас жолында келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter жүргізушісі Сатай ауылының маңында көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Күн тұман, жол көктайғақ болып тұрған.