Павлодарда көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

Павлодарда Volkswagen Passat көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы Российская көшесінде болды, деп хабарлады Рavlodarnews.kz

«Сағат 20:00-де Volkswagen Passat автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан тұрғын жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.