Өскеменде жер үйде өрт шығып, зейнеткер көз жұмды

Өскемен қаласында «Восточник-3» саяжай қоғамдастығындағы жер үйде өрт шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде тілсіз жау кіреберістің ағаш құрылымдарын, шатырды, есікті, жеке заттар мен жиһазды шарпып жатты. Жалын шарпыған аумақ – 28 шаршы метр.

«Құтқарушылар үй ішінен 1949 жылғы әженің денесін тапты. Ол иіс тиіп көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, облыста 12 мен 15 ақпан аралығында жер үйлерде 9 өрт болған.