Елордада ірі көлемде есірткі тасымалдаған адам ұсталды

Полиция департаменті жүргізген іздестіру шаралары нәтижесінде 32 жастағы ер адам қамауға алынды. Ол 800 грамм синтетикалық өнімді елдің Теміртау, Атырау және Павлодар өңірлеріне жөнелтпек болған.

Үйін тінту барысында адам ағзасына қатты әсер ететін психотропты заттар да анықталды. Сөйтіп, жалпы көлемі 1 жарым келі есірткі және оны тұтынуға арналған 5 мың доза препарат тәркіленді.

Полицейлердің айтуынша, қара базарда оның бағасы 40 млн теңгеге тең. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің сыбайластары іздестіріліп жатыр.