419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада жол апатынан үш адам зардап шекті

  • 109
  • UPD: 15:47, 15.02.2021
Қызылордада жол апатынан үш адам зардап шекті

Қызылорда қаласында екі жеңіл көлікт соқтығысып, 3 адам ауруханаға түсті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқиға 14 ақпанда Н.Назарбаев даңғылының бойында болды. Қызылорда қаласында тұратын 46 жастағы азамат өзінің иелігіндегі «Hyundai Accent» автокөлігімен Әбдіреев көшесіне қарай солға бұрылмақ болған. Сол сәтте басты жолда келе жатқан «BMW-520» маркалы автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасынан «Hyundai Accent» автокөлігі жол жиегіндегі жарық бағанасына соғылды. Осының салдарынан 3 адам медицина орталығына жеткізілді. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы заң талабына сай рәсімделіп, кінәлі жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Хабар 24 телеарнасы