Саунада демалған семейлік полицейлердің басы дауға қалды

Семейлік полицейлердің басы дауға қалды. Әлеуметтік желіде басшыларымен бірге саунада демалып отырған учаскелік инспекторлардың суреті қызу талқыға түсіп жатыр. Дастарқан басында олардың санитарлық талаптарды сақтамай отырғанын анық көруге болады. Қазір аталған іс бойынша қызметтік тексеру басталыпты.

Әйгерім Нұрғазина, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Әлеуметтік желілерде таратылған фотосуреттерде Семей қаласының полиция басқармасының қызметкерлері рас екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Шығыс Қазақстан Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тексеру жұмыстары басталды.