417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«L-Капитал» компаниясы акцияларынан 30% дивиденд беріп отыруды уәде еткен

  • 118
  • UPD: 18:34, 16.02.2021

Алматылық полицейлер «L-Капитал» компаниясының негізін қалаушыны қолға түсірді. Полиция департаменті тергеу басқармасының мәліметтері бойынша жедел-іздестіру шаралары кезінде 59 жастағы азаматша ұсталды. Оған «қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық етті» деген айып тағылып отыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған. Олардың айтуынша, компания акциясын сатып алған адамға жылына 30 процент дивиденд төлеуге уәде берген. Бірақ іс жүзінде олай болмай шықты. Жарнамаға сенген кейбір азаматтар пәтері мен көлігіне дейін сатып, ақшасын осы компанияға салыпты.

Салтанат Әзірбек, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Бұрын хабарлағандай, Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасымен салымшылардың ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, ҚР ҚК 217-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомствоаралық тергеу тобы құрылды. Компанияның кеңсесінде санкцияланған тергеу жұмыстары жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы