Таразда көлік апатынан көше тазалаушы көз жұмды

Тараз қаласында екі көлік апатынан жол жиегіндегі көше тазалап жүрген әйел ажал құшты, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының «102» кезекші бөлімінің басқару пультіне әл-Фараби – Ниетқалиев көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау келіп түскен.

«BMW-520 және Volkswagen Passat көліктері соқтығысты. Машиналардың бірі жолдың шетіне жүрген әйелді қағып кетті. Қатты соққыдан әйел оқиға орнында көз жұмды»,- делінген ведомство хабарламасында. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды