Қызылордада өртенген үйде бір жастағы сәби көз жұмды

Қызылорда қаласында жеке үй өртеніп, бір жастағы сәби көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 18 ақпанда сағат 00:50 шамасында болды. Облыс орталығындағы Кызылжара шағын ауданы аумағында тұрғын үйде өрт шыққан.

«Өрт орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 техникамен 16 қызметкер барды. Жалынға оранған үй ішінен әйел мен төрт қызы шығып үлгерген. Жалын 01:23-те толығымен сөндірілді. Үйден 2019 жылы дүниеге келген шарананың мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.