Астанада 78 жастағы зейнеткерді ұрып, тонап кеткен қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының патрульдік полиция полкінің қызметкерлері із кесу арқылы ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады ҚазАқпарат ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыс туралы полицейлерге 78 жастағы зейнеткер хабарлады. Оның айтуынша, түс кезінде ол Бейсекова көшесі бойымен үйіне келе жатқан. Сол кезде жас жігіт жақындап, қай жерден түстеніп алуға болатынын сұрайды. Ештеңеден күдіктенбеген қария жолды түсіндіре бастағанда жігіт оны жұдырықпен ұрып жіберген. Ұры күш көрсетіп, зейнеткердің ақшасы, құжаты мен екі ұялы телефон салынған сөмкесін ұрлап, қашып кеткен.

Гараждар маңында сөмкеден ақшаны, телефонды алып, құжаттарды лақтырып кеткен.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығы қызметкерлері тез арада әрекет етіп, күдіктіні анықтап, 30 жастағы ер адамды қолға түсірді.

Ұсталған азамат бұрын қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.