Павлодарда жүргізушісі жоқ КамАЗ автокөлікке соғылды

Павлодарда жүргізушісі жоқ КамАЗ автокөлікке соғылды.

Қол тежегішін қосуды ұмытып кеткен КамАЗ жүргізушісіне төтенше жағдай жасағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Қалқаман ауылы маңындағы Павлодар – Екібастұз автожолында жол бойындағы дәмханалардың бірінің жанында 37 жастағы КамАЗ жүргізушісі көлік қойып жатқан кезде қол тежегішін қоспаған. Салдарынан жүк көлігі жоғарыдан төмен қарай «Ниссан» көлігіне соғылған. 

«КамАЗ жүргізушісі ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша тәртіп сақшылары Павлодар облысының 158 тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартқан.