Бір тәулікте қар құрсауынан 20 адам құтқарылды

Ауа райының қолайсыздығынан еліміздің бес өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесі мен облыстық маңыздағы автожолдардың 40 учаскесінде қозғалыс жабылды.

Соңғы бір тәуліктің өзінде қар құрсауынан 20 адам құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. ТЖМ аумақтық бөлімшелері Ақмола, Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарындағы автожолдарда 77 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Қауіпсіздік мақсатында жабық учаскелерде 284 жылыту пункті дайындалды. Ол жерлерге 227 адам, оның ішінде 14 бала орналастырылды. Уақтылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін Республикалық жедел штабта және өңірлерде жедел байланыс желісі ашылды.

Сондай-ақ...