425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Таразда дауылдан бес қабатты үйдің шатыры ұшты

  • 393
  • UPD: 17:46, 19.02.2021
Таразда дауылдан бес қабатты үйдің шатыры ұшты

Таразда екпінді жел 5 қабатты үйдің шатырын жұлып әкеткен. Шатыр 300 метр жерге дейін ұшып, көрші үйдің ауласына түскен. Былтыр ғана пайдалануға берілген үйдің 3 бірдей балконы қирап, 4 жеңіл көлікке зақым келген. Одан бөлек 1968 жылы салынған ескі үйдің де шатыры ұшқан.

Өңірде кешеден бері қатты жел соғып тұр. Жылдың жылдамдығы кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жетеді. Ертең де күннің райы құбылмалы болады деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы