Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам көз жұмды, тағы 4 адам түрлі дене жарақтымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы ақпанның 18-де Көкшетау-Атбасар тас жолының Айдарлы ауылы маңында болған.

«Анықталғандай, Көкшетау-Атбасар тас жолының 29 шақырымында «Тойота Камри» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытта жүріп келе жатқан «ВАЗ-2115» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. «ВАЗ-2115» көліктің рулінде 46 жастағы ер адам басқарған. Жол апатынан 3 адам көз жұмып, 4 адам түрлі дене жарақтымен ауруханаға жатқызылды», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.