Байқоңырда жеті жасар екі бала жоғалып кетті

Байқоңыр қаласында 20 ақпанда жеті жасар екі бала жоғалып кетті. Балаларды ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары іздестіруде.

Бұл туралы «Байқоңыр» ғарыш кешенінің прокуратурасы хабарлады. 

20 ақпанда «Маяк» спорт кешенінен жаттығудан шыққан екі бала жоғалып кетті. Ресейдің Тергеу комитеті балалардың жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы уақытқа дейін балалардың қайда екені белгісіз. 

«Байқоңыр» кешенінде жұмыс істейтін ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары, Байқоңыр қаласының әкімшілігі және өзге де уәкілетті органдар жоғалған балалардың орналасқан жерін, мән-жайын егжей-тегжей анықтап жатыр. Қылмыстық істің тергеу барысын кешен прокуроры ерекше бақылауға алды», - деп мәлімдеді «Байқоңыр» кешенінің прокуратурасы.