Байқоңырда жоғалған бір баланың денесі табылды

Байқоңырда жоғалған ұлдардың бірі өлі күйінде табылды.

Бұл туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер мәлімдеді. Екінші баланы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бір баланың денесін таптық. Мамандар мән-жайды анықтап жатыр. Екінші баланы іздеп жатырмыз», - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Байқоңыр қаласының прокуроры Нұржан Рахметов бұл ақпаратты растады. Ол іздеу операциясы қалай жүріп жатқанын Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.