423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдағы жарылыс: жатақхананың 120 тұрғыны жедел эвакуацияланды

  • 236
  • UPD: 20:08, 21.02.2021
Петропавлдағы жарылыс: жатақхананың 120 тұрғыны жедел эвакуацияланды

Петропавлда жатақханада газ баллоны жарылып, екі адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 10 шақтысы жарақат алып, ауруханаға түскен. Жарылыстың жойқын болғаны сонша, ғимараттың бірінші қабатының бір бөлігі опырылып қалған. Маңайдағы нысандардың да терезесі сынып, өрт салдарынан айнала көк түтінге оранды. Полицейлер оқиға орнына адам жібермей, аумақты қоршап тұр. Жатақхана ғимаратының төменгі қабатында дәмхана, дүкен және ветеринарлық клиника орналасқан. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, тамақтану орнындағы газ баллоны жарылған. Жатақхананың 120 тұрғыны жедел эвакуацияланды.

Рамиль Камалов, облыстық ТЖД бастығы:

- Өрт болған жерге полиция департаментінің автобустарын шақырып, эвакуацияланған тұрғындарды жақын маңайдағы мектепке орналастырдық. Қалың түтін өртті сөндіруге және ғиамарат ішінде адамның бар-жоғын анықтауға қиындық келтіріп жатыр. Өрттің нақты себептері тексеріледі. Қазір 14 техника мен 60 құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Петропавлда жатақханадағы газ жарылысынан екі адам қаза тапты

 

Хабар 24 телеарнасы