417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдағы жарылыс: тағы бір адам ауыр хәлде жатыр

  • 59
  • UPD: 22:22, 21.02.2021
Петропавлдағы жарылыс: тағы бір адам ауыр хәлде жатыр

Петропавлда жатақханада жарылыс болып, екі адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір жігіт ауруханаға барар жолда жан тапсырса, екінші әйелдің денесі үйінді астынан табылды. Тағы бір адам ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Қатты дүмпудің салдарынан тұрғын үйдің бірінші қабаты опырылып қалған. Оқиға орнына келген төтенше жағдайлар қызметкерлері өртті сөндіріп, іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Зардап шеккендер тағы да болуы мүмкін. Ал, полицейлер көшелерді жауып, 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Қазір олар мектепке жайғастырылған. Алдын ала болжам бойынша газ баллоны жарылған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Рамиль Камалов, облыстық ТЖД бастығы:

- Болжам бойынша жарылыс жатақхана астындағы кафелердің бірінде болды. Оның ішінен 3 адам шығарылып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында 21 бірлік техника мен 83 адам жұмыс істеп жатыр.

Петропавлда жатақханадағы газ баллоны жарылысынан екі адам қаза тапты

Петропавлдағы жарылыс: жатақхананың 120 тұрғыны жедел эвакуацияланды

Хабар 24 телеарнасы