Байқоңырда жоғалған баланы іздестіру жұмыстары қайта жанданды

Айта кетейік, бірер күн бұрын жеті жасар екі бала спорт кешеніндегі жаттығуға қатысып, кейін үйлеріне оралмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресейдің тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Іздеу жұмыстарымен Ресей және Қазақстан құқық қорғау органдары айналысты. Бас-аяғы 250-ден аса адам жұмылдырылды. Соның арқасында күні кеше біреуінің денесі анықталды. Ерхан Анас есімді баланың мәйіті Сырдария өзені бойынан табылған.