Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Павлодарда зейнеткер көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«ВАЗ 21083» көлігінің 64 жастағы жүргізушісі Майра көшесінде жолдың реттелмейтін өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша жол апатынан әйел адам зардап шекті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», - деді департаментте.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.