Бұл елордадағы көпқабатты үйлердің ауласында болған оқиға, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қарт әжей осылайша 6 жастағы немересін ұрғандардан кек алдым дейді.
Айта кетейік, өткен сенбіде қала тұрғыны полиция департаментіне үш баласы үйге жарақатпен оралғанын айтып шағымданған. Тәртіп сақшылары айыпталушы әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізген. Сондай-ақ осы оқиғаға байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындарға ескерту жасап, біреудің денсаулығына зиян келтіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтып өтті. Сондай-ақ ата-аналарға балаларымен тәрбие жұмысын жүргізуге кеңес берді.