Павлодар облысында жол апатынан әйел адам көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы Қалқаман – Керней тасжолында болған, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша «Фольксваген» мен «Лада Ларгус» автокөліктері соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Фольксваген» автокөлігінің 33 жастағы жолаушысы көз жұмды, ал 14 жасар баласы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - дейді полиция департаменті.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру жүргізілуде.