419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңатастағы оқиға: қара жамылған отбасының туыстары көпшілікке өтініш айтты

  • 122
  • UPD: 20:47, 23.02.2021

Жаңатастағы қайғылы жағдайға байланысты қара жамылған отбасының Саидмұхаммед Әбдімәліков есімді туысы жұртқа өтініш айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратпауды сұрады. Айтуынша, тілсіз жауға бір ғана себеп – сіріңке. Балалар онымен ойнап жүргенде тез жанатын ойыншықтар өртеніп кеткен. Кейін қызыл жалын тұтас үйді шарпыған.

«Қиын сәтте осынау ауыр қайғымен бөліскен барша отандасымызға алғыс білдіреміз. Бұл тақырыпты енді қозғамауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ олар отбасының қандай да бір көмекке мұқтаж емес екенін айтты. Мемлекет тарапынан пәтер берілді. Билік пен халық көңіл айтты. «Орнында бар, оңалар, – деді марқұм болған сәбилердің туысы.

Саидмұхаммед Әбдімәліков:

– Біз туралы әңгімелер айтып, желілерге салудың қажеті жоқ. Осымен доғарсыншы. Облыстың, ауданның әкіміне рақмет. Бәрі бастан-аяқ тұрды.

Хабар 24 телеарнасы