Қостанай облысында бес көлік соқтығысты

Қостанай облысының Полиция департаменті мәлім еткендей, ауа райының қолайсыздығынан Қостанай-Қарабұтақ тасжолында бес көліктің қатысуымен жол апаты болды.

ЖКО салдарынан «Лексус» көлігінің жүргізушісі дене жарақатын алған, деп жазады alau.kz.

«Фольксваген» микроавтобуспен соқтығысқан. Оларға көмек көрсету үшін тоқтаған тағы микроавтобусқа «қытайлық жүк көлігі» соқтығысса, осы төртеуіне «Лексус» келіп соқтығысқан.