Екібастұз қаласында ер адамды атып кеткен күдікті ұсталды.
Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 65 жастағы ер адамды ұстады», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Күдікті Екібастұз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс қаруы тәркіленді.
