Ақмола облысында боранда қалғандар құтқарылды

Ақмола облысында алай-түлей боранда жолда қалып қойған 70-тен аса адам құтқарылды.

Олар жақын маңдағы жылыту бекеттеріне орналастырылды. Кеше түнде өңірде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетті. Республикалық маңыздағы жолдардың 10 учаскесі жабылды.

Көкшетау-Атбасар, Екатеринбург-Алматы, Нұр-Сұлтан-Петропавл трассасын қалың қар басып қалды. Облыстық маңыздағы жолдардың 47 бөлігінде де көліктердің жүруіне уақытша тыйым салынды.

Мамандардың болжауынша, қолайсыз күн райы алдағы тәуліктерде де жалғасады. Сондықтан ескертулерге құлақ асып, алыс сапарға шықпауды сұрайды.