Петропавлда жатақханада болған жойқын жарылыс видеоға түсіп қалған

21 ақпан күні шаһардағы көп қабатты үйлердің бірінде өрт болып, екі адам опат болған еді.

Бейнебақылау камерасына түскен кадрлар жергілікті Instagram парақшасында жарияланды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға орнын тексеру кезінде «Қаражорға» дәмханасының асханасынан жарылған газ баллоны табылған. Жарылыс кезінде кафені жалға алушы, үш қызметкер және демалуға келген төрт мейман болған. Қабырғаның арғы бетіндегі шаштаразда да төрт азамат болған. Оның екеуі қайтыс болып, зардап шеккен 8 науқас ауруханада ем-дом қабылдап жатыр.

Сән Жұмағазина, облыстық ПД бөлімінің бас маманы:

- Аталған факті ҚР ҚК 292-бабы, 3-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімі енгізілді. Қайтыс болған адамдардың жеке басы анықталды. Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды, оның ішінде өрт техникасының сараптамасы бар. Қылмыстық істің тергелу барысы облыстық полиция департаменті және облыс прокуратурасы басшылығының бақылауына алынды.