Жолда көлігі сынып, құлағын үсіріп алған жүргізушіге медициналық көмек көрсетілді

Ол Қарағанды облысына қарасты Жаңарқа елді мекенінің ауруханасына барып, тиісті емін алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, күні кеше қар құрсауында қалған ер адамның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қызу талқыланған еді.

Бұл жазба Қарағанды облысындағы Шет ауданында жасалған. Автор Батық ауылына жете алмай қалғанын айтады. Бұл ақпаратты кейін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі де растады және жүргізуші басқа көлікпен Жаңарқаға дейін жеткенін мәлімдеді. Осы орайда құтқарушылар алыс жолға шықпауға кеңес береді. Әсіресе, ауа райына қатысты хабарламаларға бей-жай қарамау керектігін алға тартады.