Cемейде 142 жыл бұрын салынған ғимарат түннен бері өртеніп жатыр

Семейде кеше түнде көне ғимаратта өрт шықты.

Абай даңғылының бойындағы 2 қабатты нысан 1879 жылы салынған екен. Қазір мұнда жекеменшік кәсіпорындардың біріне тиесілі кеңсе орналасқан. Тілсіз жаумен айқасқа қалалық өрт сөндіру қызметінің 55 адамы мен 19 техникасы жұмылдырылды. Қызыл жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Мамандар әзірге төтенше оқиғаға себеп ретінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, электр жабдықтарының ақауы және абайсыздық сияқты үш түрлі жорамал қарастырып отыр.