Ақтауда көпқабатты үйде өрт шығып, төрт бала құтқарылды

Ақтау қаласының 3 шағын ауданындағы тұрғын үйде өрт шыққан.

Өрт бүгін, 26 ақпанда 3 шағын аудандағы №8 көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде болды, деп хабарлады lada.kz. Өрт сөндіру бөліміне қоңырау сағат 10:30-да түскен.

«Өрт сағат 10:48-де оқшауланды, 10:51-де өрт сөндірілді. Өрт сөндіру қызметкерлері 15 адамды эвакуациялады, оның төртеуі балалар», - делінген.