Түркістанда қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды

Түркістан қаласында жеке тұрғын үйде 5 адам: 41 жастағы анасы мен 17, 15, 8 және 5 жастағы балалар иіс тиіп қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, оқиға болған кезде емделу мақсатында Шымкент қаласында жүрген екен. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Тергеу барысын жеке бақылауына алғанын жеткізіп, отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.