Елордада көлікке қызмет көрсету орталығы өртенді

Елорданың Көктал шағынауданында көлікке қызмет көрсету орталығы өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға кешкі 21:00 шамасында болған. Құтқарушылардың мәлімдеуінше, 330 шаршы метр нысанның шатыры жанған. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Нысанның ішінде көліктер де болмаған.