Павлодар облысында автокөлік жылқымен соқтығысты

Павлодар облысында автокөлік жылқымен соқтығысты.

Жануар зардап шеккен жоқ, ал көлік күрделі жөндеуді қажет етеді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, малды қараусыз қалдыру жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болады. Мысалы, Ленин – Курчатов автожолының 45-ші шақырымында «Лада Приора» көлігі жолдан өтіп бара жатқан атпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік зақымданып, жылқыға зиян  келтірілмеді.

«Полицейлер жылқының иесін анықтады. Ол Ақсу ауылдық аймағындағы ауылдардың бірінің 62 жастағы тұрғыны болып шықты. Мал иесі ҚР ӘҚБК 615 және 408-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Қайрат Саттыбаев.

Айта кету керек, бүгінгі таңда полиция қызметкерлері 146 айыппұл тұрағына 468 бас иесіз жайылып жүрген малды орналастырды. Барлық мал иелеріне айыппұл салынды.