ШҚО-да өткен түнде жолда қалған 137 адам құтқарылды

Шығыс Қазақстанда өткен түнде жолда қалған 137 адам құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 11-і бала. Жылдамдығы секундына 28 метрге дейін ұйытқып соққан желден аймақтағы жолдарды қар алып қалды. Барлық бағыт бойынша жүріп-тұруға тыйым салынды. Әсіресе, Семей – Қарауыл, Өскемен – Семей және Семей – Алматы тас жолдарында жағдай ушықты. Құтқарылған 137 адамның 31-і Бұлақ елді мекеніндегі мектепке, тағы 33 азамат Семейдегі қонақ үйге орналастырылды. Төтенше жағдай қызметінің өкілдері 18 көлікті жақын маңдағы ауылдарға, ал 40 жолаушысы бар 2 автобусты Семей қаласына жеткізді. Қазір шығыста 15 жол учаскесі жабық.