427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

  • 216
  • UPD: 17:51, 01.03.2021
Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Үш бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен Тілеу батыр көшесінің қиылысында №12 бағыттағы автобус пен «Daewoo Nexia» автокөлігі соқтығысты.

«Daewoo Nexia» автокөлігіндегі үш бала облыстық балалар ауруханасына тексеру үшін жеткізілді. Сонымен бірге бірнеше жолаушы жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасына барды. Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған. Қазіргі мәлімет бойынша зардап шеккен жолаушы жоқ», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Хабар 24 телеарнасы